Қазақстанның мемлекеттік қарыз 20 триллионнан асып кетті – шекті мөлшерден де жоғары - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның мемлекеттік қарыз 20 триллионнан асып кетті – шекті мөлшерден де жоғары

Қазақстанның мемлекеттік қарыз 20 триллионнан асып кетті – шекті мөлшерден де жоғары

 Қазақстанның мемлекеттік қарызы 20 триллион теңгеден асты.

  • 10 Маусым 2021
  • 553
Фото - Caravan.kz


Бұл шекті мөлшерден де жоғары. Ал есеп комитеті бұл шектің жылдан-жылға неге өсіп жатқанын түсінбей отыр, деп хабарлайды Caravan.kz порталы  КТК арнасына сілтеме жасап. 

Наталья Годунова, ҚР Есеп комитетінің төрайымы:

— Қарыздың жалпы ішкі өнімге қатынасы 29,4 пайызға жетіп, жаңа бюджет саясаты тұжырымдамасында бекітілген 27 пайыздық шегінен асып кетті. 2014 жылы мемлекеттік қарыздың қауіпсіз шегі жалпы ішкі өнімнің 22 пайызын ғана құраған. Алайда жылдан-жылға бұл шек өсе берді, өсе берді. Оның үстіне бұл шектің неліктен өсіп келе жатқанын бізге дұрыстап ешкім түсіндірген де жоқ. Сол себепті қазіргі 29 пайыздық шекті жоғары деңгей деп есептеуге болады.

Қазақстанда бюджет қаражаты әлі де болса Ұлттық қор мен қарыз алудың арқасында толығып отыр. Қит етсе сырттан ақша алумен мәселені шешетін шенеуніктер былтыр бюджет тапшылығын болдырмау мақсатында 3 триллион 10 миллиард теңге қарыз алған. Өкініштісі, министрлер кабинеті жаңа қарыз алмай тұрып алынған қарызды ретке келтіруді ойламайды екен. Мысалы, 2017 жылы білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік банктен 67 миллион АҚШ долларын алуға келісім жасап, үш жыл өткен соң қомақты соманың 49 миллионын қайтаруға ұсыныс жасаған. Наталья Годунова ішкі қарыздың да жағдайы мәз еместігін айтты. Әкімдіктердің берешегі бес есе өсіп кеткен. Тиімсіз шығындалған қаражат көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 33 пайызға жетіпті.