Жарияланды: 540

Қазақстанның мемлекеттік қарыздары $26,6 млрд – қаржы министрлігі

Қазақстанның мемлекеттік қарыздары $26,6 млрд болады, деп ҚР қаржы вице-министрі Руслан Даленов мәлім етті.

«Қазақстанның мемлекеттік қарыздары 26,6 млрд доллар, үкімет желісінде – 15,8 млрд доллар және Ұлттық банкте – 10,7 млрд қарыз бар. ҚР үкіметінің сыртқы қарыздары 3739,7 млн долларды құрайды», - деп вице-министр сейсенбі күні Twitter-де жазыпты. Бұл ретте Р. Даленов «бұл өте қауіпсіз деңгей» деп атап өтті. Бұдан бұрын ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қазақстанның сыртқы қарыздары соңғы жылдары ішкі жалпы өнімнің 10% үлесінен аспайды деп мәлімдеген. Қазақстанның 2010 жылғы ІЖӨ Т21,51 трлн (шамамен $150 млрд) болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін