Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі кадр саясатын реформалау тұжырымдамасын жасап шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі кадр саясатын реформалау тұжырымдамасын жасап шығарды

Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі кадр саясатын реформалау тұжырымдамасын жасап шығарды

Алматы. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі кадр саясатын реформалау тұжырымдамасын жасап шығарды. Бұл туралы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кадр саясаты: мақсаты, қағидалары, мазмұны және тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету механизмі" атты дөңгелек үстел барысында осы ведомствоның басшысы Ғабидолла Әбдірақымов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 26 Мамыр 2008
  • 1301
Фото - Caravan.kz

Ғ. Әбдірақымовтың айтуынша, қазіргі кадр саясатының жетіспеушілігін үш түрге бөлуге болады. Біріншіден, бұл мемлекеттік қызметке тұрар кезде таңдау процедурасының жетілдірілмегендігі. «Біз реформа жасадық. Таңдаудың байқаулық жүйесін енгіздік. Алайда, қазір бұл жүйе бізге көмектеседі немесе мемлекеттік қызметке ең таңдаулы дайындықтан өткізілген адамдар ғана жіберіледі деп кесіп айта алмаймын» -деді ведомство басшысы.

Ғ. Әбдірақымовтың айтуынша, екінші блок мемлекеттік қызметтен өтумен байланысты болып келеді. «Біз әлі күнге дейін жұмыс сапасын бағалауды немесе жұмыс нәтижесі бойынша ақы төлеуді енгізген жоқпыз. Мысалы, екі бас сарапшы бір бөлімде жұмыс істейді делік. Олардың бірі көп жұмыс істейді. Екіншісі аз істейді. Алайда, екіншісінің жұмыс тәжірибесі көп болғандықтан айлықты да көп алады. Біз бұны дұрыс емес деп есептейміз. Жұмыс тәжірибесінің ықпалы барынша төмен болуы тиіс. Жасалған жұмыс көлемі мен сапасына көңіл аударылуы керек», — деп атап көрсетті ол.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлердің аттестациядан өту проблемасы да бар. «Аттестация институтын басшылар кей-кейде қажетсіз қызметкерлерден құтылу үшін пайдаланады. Біз бұл жүйені де жаңартпақшымыз», — деді Ғ. Әбдірақымов.

«Мемлекеттік қызметтен босаумен байланысты мәселелер дегеніміз жұмыстан босаған адамның әлеуметтік мәртебесінің күрт төмендеуі. Біз бұнымен адам зейнеттік жасқа толған кезде жиі ұшырасамыз. Ертеңгі күні мемлекеттік қызметкер болып табылмайтыны жайлы ой қорқыныш тудырады», — деді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің басшысы.

Оның айтуынша, бұдан құтылудың бір жолы ретінде үшін кіршіксіз резюмесі мен мемлекеттік мекемелерде жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер үшін тұжырымдамада бонустар қарастырылған.

«Концепция қыркүйек айында қабылдануы керек. Сондықтан күзде мемлекеттік қызмет туралы заңға және басқа да заңдарға түзетулер енгізу үшін парламентке баруымыз қажет. Біз 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы жүйенің жұмыс істегенін қалаймыз. Маусым айының 17-сі күні біздің агенттігімізде үлкен мәслихат өтеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев оған қатысады деп күтіп отырмыз. Менің ойымша, президент сол кезде мемлекеттік қызметті реформалауды әрі қарай жалғастыру бойынша жаңа әдістемелерді жариялайды», — деді Әбдірақымов.

Агенттіктің мәліметтеріне сүйенер болсақ, Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлердің орташа жасы 39, орташа жұмыс тәжірибесі — 9 жыл. Өткен жылы 37 330 адам, яғни бір орынға 2,8 адам таласқан 13 196 бәйге жарияланған. Мамандардың бірін-бірі алмастыруы 15,7 пайыз (салыстыру үшін Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш 3 пайыз). Қазіргі уақытта республиканың мемлекеттік органдарында 104 152 штаттық қызметкер бар. Олардың ішінде Астанада орталық мемлекеттік органдарда 8187 адам, жергілікті жерлерде 95 965 адам жұмыс істеуде. 65 ұлттың өкілдері мемлекеттік қызметкер боып табылады. Олардың 42 пайызы ер адамдар болса, қалған 58 пайызы әйелдер болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті