Қазақстанның монополияға қарсы заңы нарықтың адал субъектілерінің мүдделерін толығымен қорғап отырған жоқ - Есенбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның монополияға қарсы заңы нарықтың адал субъектілерінің мүдделерін толығымен қорғап отырған жоқ - Есенбаев

Қазақстанның монополияға қарсы заңы нарықтың адал субъектілерінің мүдделерін толығымен қорғап отырған жоқ - Есенбаев

Алматы. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның монополияға қарсы заңы нарықтың адал субъектілерінің мүдделерін толығымен қорғап отырған жоқ. Бұл туралы бүгін "Бәсекелестік туралы" заң жобасы талқыланған "дөңгелек үстел" барысында Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 13 Тамыз 2008
  • 1557
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі антимонополиялық заң экономика салаларын монополиядан арылту үрдісіне тиімді ықпал етуге қабілетсіз және нарықтың адал субъектілерінің мүдделерін толығымен қорғай алып отырған жоқ», — деді М. Есенбаев.

Ол сондай-ақ, қазіргі заңды толық түсінбеу және оны орындамау салдарынан жыл сайын заң бұзушылықтар саны артып келе жатқанын хабарлады. Мысалы, нарық субъектілері егін егу және егін жинау науқандары кезінде жанар-жағармай бағасын, жылыту маусымы кезінде көмір бағасын барлық жерде қымбаттататыны жыл сайын байқалады.

Бәсекелестікті қорғау агенттігі Қазақстан Республикасының 2006 жылдың 7 шілдесіндегі «Бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы» заңының 7-бабына сәйкес өз нәтижесі арқылы бәсекелестікті шектейтін немесе шектей алатын нарық субъектілері арасындағы кез келген түрдегі толығымен немесе жартылай қол жеткізілген келісімдерге (келісілген іс-әрекеттерге), оның ішінде, келісілген бағаны немесе тауарды сату және сатып алудың басқа да талаптарын орнатуға байланысты келісімдерге (келісілген іс-әрекеттерге) тыйым салынатынын және ҚР заңымен белгіленген тәртіппен күшсіз деп танылатынын еске салады.

«Жанармай нарығын талдау нәтижелері бұл нарыққа үш ірі компания монополия орнатқанын көрсетеді. Олар: «ҚазМұнайГаз» сауда үйі» АҚ, «ПетроҚазақстан» сауда үйі» АҚ және «Гелиос» ЖШС. Сонымен қатар, нарықта көптеген делдалдық құрылымдар жұмыс істейді», — деп атап көрсетті Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар