Қазақстанның мультимедиа рыногіндегі өнімдердің 90 проценті тонаушылық жолмен заңсыз шығарылған өнімдер - прокурор - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның мультимедиа рыногіндегі өнімдердің 90 проценті тонаушылық жолмен заңсыз шығарылған өнімдер - прокурор

Қазақстанның мультимедиа рыногіндегі өнімдердің 90 проценті тонаушылық жолмен заңсыз шығарылған өнімдер - прокурор

Қазақстанның мультимедиа рыногіндегі өнімдердің 90 проценті тонаушылық жолмен заңсыз шығарылған өнімдер. Бұл туралы бүгін, 30-наурызда ҚР бас прокуратурасының санаткерлік меншік туралы заңнамалардың қолданылу жағдайын тексеру қорытындысына арналған Астанадағы алқа мәжілісінде ҚР бас прокуратурасының мемлекеттік мекемелердің іс-қызметін қадағалау жөніндегі бөлім бастығы Андрей Кравченко хабарлады.

  • 30 Наурыз 2004
  • 498
Фото - Caravan.kz

Авторлық және жанама құқықтарды қорғау жөніндегі қауымдастық мәліметтеріне сүйене отырып прокурордың хабарлауынша, «2003-жылы мультимедиалық өнімдердің еліміздегі жалпы айналымы 50 млн. дананы құраған, олардың 5 млн. данасы жариялы тасымалданған өнімдер».

А.Кравченконың айтуынша, қалған барлық өнімдер (аудио, видео, DVD) заңсыз шығарылып, заңсыз әкелінген.
ҚР бас прокуратурасының мәліметі бойынша, 2003-жылы елімізде лицензиялық өнімдер саудасынан түскен пайда 2 млрд. 103 млн. теңгені, ал заңсыз көшіріп таратылған өнімдер саудасынан түскен пайда 9 млрд. 730 млн. теңгені құраған. «Соның салдарынан мемлекеттік бюджет салық және басқа да түсімдер түріндегі 400 млн. теңгеден қағылды»,- деді А.Кравченко.
Прокурордың айтуынша, Қазақстанда мұндай өнімдердің 10 проценті ғана өндіріледі, ал қалған 90 проценті Ресейден, соның ішінде Омбы, Новосибирск, Самара және Мәскеу қалаларынан әкелінуде. Осындай өнімдер тасымалданатын негізгі көлік түрі — темір жол болмақ.

Соңғы жаңалықтар