Жарияланды: 610

Қазақстанның өлім жазасына мораторий жариялау туралы шешім қабылдауы - адам құқығын қорғаудағы елеулі қадам - Еуропалық Одақ

Қазақстан президентінің өлім жазасына мораторий жариялау туралы шешім қабылдауы Қазақстандағы адам құқығын қорғау ісіндегі елеулі қадам болумен бірге өлім жазасын жаппай алып тастауға қосқан маңызды үлес болмақ. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан таратылған Еуропалық Одақтың арнайы мәлімдемесінде айтылған,- деп хабарлайды KZ-today ақпараттық агенттігі.

Мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, өлім жазасын алып тастау адам құқығын біртіндеп дамытуға және адамның қадір-қасиетінің құндылығын арттыра түсуге түрткі болмақ. Еуропалық Одақ өлім жазасына жарияланған мораторийдің сол сәттен бастап күшіне енуіне және Қазақстанда өлім жазасын біржола алып тастау туралы шешім қабылданғанға дейін сақталатынына қанағаттанғандық білдіреді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін