Қазақстанның өлім жазасына мораторий жариялау туралы шешім қабылдауы - адам құқығын қорғаудағы елеулі қадам - Еуропалық Одақ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның өлім жазасына мораторий жариялау туралы шешім қабылдауы - адам құқығын қорғаудағы елеулі қадам - Еуропалық Одақ

Қазақстанның өлім жазасына мораторий жариялау туралы шешім қабылдауы - адам құқығын қорғаудағы елеулі қадам - Еуропалық Одақ

Қазақстан президентінің өлім жазасына мораторий жариялау туралы шешім қабылдауы Қазақстандағы адам құқығын қорғау ісіндегі елеулі қадам болумен бірге өлім жазасын жаппай алып тастауға қосқан маңызды үлес болмақ. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан таратылған Еуропалық Одақтың арнайы мәлімдемесінде айтылған,- деп хабарлайды KZ-today ақпараттық агенттігі.

  • 7 Қаңтар 2004
  • 593
Фото - Caravan.kz

Мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, өлім жазасын алып тастау адам құқығын біртіндеп дамытуға және адамның қадір-қасиетінің құндылығын арттыра түсуге түрткі болмақ. Еуропалық Одақ өлім жазасына жарияланған мораторийдің сол сәттен бастап күшіне енуіне және Қазақстанда өлім жазасын біржола алып тастау туралы шешім қабылданғанға дейін сақталатынына қанағаттанғандық білдіреді.

Соңғы жаңалықтар