Қазақстанның өнеркәсіп орындары арасынан бірінші болып Дон кен байыту комбинаты еңбек қорғауды басқару жүйесі халықаралық OHSAS 18001 стандартына сәйкес деген сертификатқа ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның өнеркәсіп орындары арасынан бірінші болып Дон кен байыту комбинаты еңбек қорғауды басқару жүйесі халықаралық OHSAS 18001 стандартына сәйкес деген сертификатқа ие болды

Қазақстанның өнеркәсіп орындары арасынан бірінші болып Дон кен байыту комбинаты еңбек қорғауды басқару жүйесі халықаралық OHSAS 18001 стандартына сәйкес деген сертификатқа ие болды

Бүгін, 10-тамызда Астанада Дон кен байыту комбинатына еңбек қорғауды басқару жүйесі халықаралық OHSAS 18001 стандартына сәйкес деген сертификатты табыс ету рәсімі өтті. Сертификат халықаралық OHSAS 18001 стандартын енгізу және республиканың өнеркәсіп орындарындағы тәуекелдерді бағалауға арналған республикалық семинар-кеңес барысында табыс етілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Тамыз 2004
  • 2256
Фото - Caravan.kz

Семинарға қатысқан ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсованың айтуынша, «бұрынғы кеңестік кеңістік аясындағы өнеркәсіп орындары арасынан бірінші болып Дон кен байыту комбинатына осындай сертификат беріліп отыр». Оның айтуынша, кен байыту өнеркәсібіне жататын бұл өндірісте «еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің халықаралық стандартын енгізу басқа кәсіпорындармен салыстырғанда үлкен қиындық тудыратындығымен» маңызды. «Бұл еліміздегі барлық кәсіпорындарға еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарын енгізуге мүмкіндік бар екенін тағы бір дәлелдейді»,- деді министр.

Халықаралық OHSAS 18001 стандарттарында денсаулық пен еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесіне қойылатын талаптар қамтылған. Олар кәсіпорынның іс-қызмет көрсеткіштерін жақсарту және қызметкерлердің денсаулығына қатысты тәуекелдерді басқаруға мүмкіндік береді. Халықаралық OHSAS 18001 стандарттарында сәйкестік туралы сертификат алу үшін ұйым сапа менеджементі жүйесіне және ұйым шеңберінде жаппай қолдануға қатысты процесстерді идентификациялап, бұл процесстерді жүзеге асыруға және оған мониторинг жүргізуге қажетті ресурстар мен ақпаратты қамтамасыз етуі тиіс. OHSAS жүйесінің бір құрамдас бөліктерінің бірі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру мүмкіндігін бағалап, сенімділігін ескеру болып табылады.
Сертификатты табыс еткен Халықаралық сертификаттау мекемесінің жетекшісі Тюф Людвиг Дрескселдің айтуынша, OHSAS 18001 құжаты «еңбек пен қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің интернационалдық тәжірибесіне негізделген».
Өнеркәсіп орындарында Халықаралық OHSAS 18001 стандарттарында сәйкес деген сертификаттың болуы еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуінің бір алғы шарты болмақ. Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына сәйкес республиканың өнеркәсіп ошақтарының 80 проценті осындай сертификатқа ие болуы тиіс.

Перейти к новостям спорта