Қазақстанның оңтүстігінде Қырғызстанда болған жер сілкінісінің дүмпулері сезілді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның оңтүстігінде Қырғызстанда болған жер сілкінісінің дүмпулері сезілді

Қазақстанның оңтүстігінде Қырғызстанда болған жер сілкінісінің дүмпулері сезілді

АСТАНА. 28-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстанның оңтүстігінде Қырғызстанда болған жер сілкінісінің дүмпулері сезілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Мамыр 2007
  • 362
Фото - Caravan.kz

Энергетикалық классы 11,8 шамасындағы жер сілкінісі 27-мамырда 7 сағат 31 минутта Қырғызстан аумағында болған. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 363 шақырымда болды. «Таразда 2-3 балл, Жамбыл облысының Мерке ауылында 3 балл шамасында жер асты дүмпулері сезілді»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Мекеме ақпаратына сәйкес, жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті