Қазақстанның оңтүстік аймақтарының транзиттік әлеуетін пайдалану оның инвестициялық тартымдылығын арттыра түспек - ҚТЖ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның оңтүстік аймақтарының транзиттік әлеуетін пайдалану оның инвестициялық тартымдылығын арттыра түспек - ҚТЖ

Қазақстанның оңтүстік аймақтарының транзиттік әлеуетін пайдалану оның инвестициялық тартымдылығын арттыра түспек - ҚТЖ

Ұлттық "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) компаниясындағылар Қазақстанның оңтүстік аймақтарының транзиттік әлеуетін пайдалану оның инвестициялық тартымдылығын арттыра түседі деп санайды.

  • 9 Қараша 2012
  • 406
Фото - Caravan.kz

Халықаралық инвестициялық TARAZ INVEST-2012 форумында ҚТЖ Қазақстан Республикасы оңтүстік аймақтарының транзиттік әлеуетін пайдалану келешегі және Жамбыл облысында көліктік-логистикалық орталық құру туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

«Жаңа Жібек жолы» жобасын орындау мақсатында ҚТЖ мен Жамбыл облысының әкімшілігі арасында ынтымақтасудың мынадай түрлері қаралуда: бизнес өкілдерімен келісе отырып «Қазақстанның логистикалық картасы» жобасына қатысты ұсыныстар бойынша келісу, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолын салу шеңберінде көліктер тасымалдау кластерін құру.
Сонымен қатар, форумға қатысушыларға Жезқазған-Бейнеу, Арқалық-Шұбаркөл теміржолын салу, Ақтау кемежайын кеңейту, «Қорғас» шекаралық ынтымақтастық халықаралық орталығы мен «Қорғас-Шығыс ақпасы» арнайы экономикалық аймақ сияқты жүзеге асырылып отырған жобаларға инвестиция құюға және бизнесті тиімді дамытуға мүмкіндіктер берілді.

Соңғы жаңалықтар