Жарияланды: 490

Қазақстанның оңтүстік-шығысында балы төмен жер сілкінісі болды

Алматы облысында магнитудасы 3,0 жер сілкінісі болды, деп хабарлады Ұлттық ядролық орталықтың геофизикалық зерттеулер институтының сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу жөніндегі қазақстандық орталығынан.

Орталықтың сайтында берілген ақпаратқа қарағанда, балы төмен жер сілкінісі сәрсенбіде астаналық 10:05 сағатта Үшарал қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 43 км жерде және Талдықорғаннан оңтүстік-батысқа қарай 109 км жерде болған. Энергетикалық класы 7,3 жер сілкінісі 13 км тереңдікте болған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін