Қазақстанның отын ресурстарының қоры ағымдағы жылыту маусымында 20 - 30% көбейтілді - Тұрғанов - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның отын ресурстарының қоры ағымдағы жылыту маусымында 20 - 30% көбейтілді - Тұрғанов

Қазақстанның отын ресурстарының қоры ағымдағы жылыту маусымында 20 - 30% көбейтілді - Тұрғанов

Алматы. 4 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның отын ресурстарының қоры ағымдағы жылыту маусымында өткен жылғымен салыстырғанда 20 - 30% көбейтілді. Бұл туралы еліміздің энергетика және минералды ресурстар вице-министр Дүйсенбай Тұрғанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 4 Қараша 2008
  • 1223
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі жағдаймен, тұтастай алғанда, станцияларды отынмен қамтамасыз ету мәселесіне келсек, жағдай былтырғыдан әлдеқайда жақсы. Станциялардағы көмір мен мазут қоры өткен жылғыдан 20 — 30% артық», — деді Д.Тұрғанов.

Сонымен бірге, газ қоймаларына өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 40% артық газ сақталды.

«Биылғы күз-қыс маусымы өткен жылғыдан қиын болатын түрі бар, бірақ біз оны ауқымды проблемаларсыз артқа тастаймыз деп сенеміз «, -деді вице-министр.

Дегенмен, оның айтуынша, «бүгінгі күні беті ашық қалып отырған тауқыметтер де жоқ емес. Атап айтсақ, Қазақстанның оңтүстігінде электр қуатының тапшылығы бар. Тапшылық көлемі 985 МВт болмақ. Бұл көлемнің 730 МВт қуаты «солтүстік» көздердің есебінен қамтамасыз етілсе, 255 МВт көлемі жеткіліксіз қалпы қалады. Бірақ қазіргі жағдаймен бұл көлемді жоғары ауыртпалық кезеңінде Қырғызстаннан алу жөнінде келісім бар».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар