Қазақстанның Петропавл және Ресейдің Ишим қалалары өзара экономикалық ынтымақтастық туралы бұған дейінгі уағдаластықты тағы бір бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Петропавл және Ресейдің Ишим қалалары өзара экономикалық ынтымақтастық туралы  бұған дейінгі уағдаластықты тағы бір бекітті

Қазақстанның Петропавл және Ресейдің Ишим қалалары өзара экономикалық ынтымақтастық туралы бұған дейінгі уағдаластықты тағы бір бекітті

Петропавл қаласының әкімі Владимир Никандров пен Ресейдің Ишим қаласының әкімі Виктор Рейн өзара экономикалық ынтымақтастық туралы бұған дейінгі уағдаластықты тағы бір бекітті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Петропавл қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Ақпан 2004
  • 719
Фото - Caravan.kz

Тюмень облысы Ишим қаласының өкілдері Петропавлға 2003-жылдың қараша айында Ресейдегі Никольский жәрмеңкесі кезінде қол қойылған келісім бойынша келіп отыр.

Петропавлда өткен кездесуде тараптар екі қаланың кәсіпорындары мен кәсіпкерлері арасында экономикалық байланыстар орнату туралы ертеректе қол қойылған келісімнің барлық көрсеткіштерін тағы бір бекітті. Атап айтсақ, Петропавлға қабырға құрылыс материалдары, тұрғын үйлер мен әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандар салуға қажетті ағаш өңдеу кәсіпорындарының бұйымдарын сату туралы мәміле жасалды. Петропавлдықтар қалалық коммуналдық шаруашылық саласының проблемалары мен халықтың әлеуметтік аз қорғалған бөлігіне берілетін әлеуметтік төлемдер жөнінде Ишим өкілдерімен тәжірибе бөлісті.

Соңғы жаңалықтар