Қазақстанның Польшадағы елшісі Алтай Әбибуллаев қызметінен босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 524.32
  • 609.05
0 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Польшадағы елшісі Алтай Әбибуллаев қызметінен босатылды

Қазақстанның Польшадағы елшісі Алтай Әбибуллаев қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

  • 1 Наурыз 2017
  • 310
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы "Егемен Қазақстан" газеті хабарлады. 

Айта кетейік, Астанада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында Қазақстан Республикасының Польшадағы Төтенше және өкілетті елшісі А.Әбибуллаевты мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралған болатын. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша А.Әбибуллаевқа қызметке сәйкестігінің толық еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдану жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныс енгізуге шешім қабылданды.

Перейти к новостям спорта