Мұндай шешім жуырда Павлодарда өткен Қазақстан поляктар одағының 5 республикалық қорытынды сайлау конференциясында қабылданды. Оның жұмысына елдің барлық облыстарынан келген поляктар делегациясы, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, Польшаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Павел Чеплак қатысты.
Қоғамдық ұйымдардың жетекшілері одақтың 2007 жылы атқарылған жұмыс қорытындылары және алдағы жылда жасалынатын бағдарламаларды қабылдады. Конференцияда жетекшілердің жаңа құрамы сайланды. Қазақстанның поляктары одағының жаңа президенті болып павлодарлық бизнесмен Виталий Свинцицкий сайланды. Ол сондай-ақ, павлодарлық «Полония» ҰМО басқарады.
Конференция қатысушылары одақтың штаб-пәтері енді Павлодарда болатынымен келісті. Бұл «Қазақстандағы украиндықтар» қауымдастығынан кейінгі павлодарлық тұрғындар басқарып отырған екінші республикалық бірлестік болып отыр.
Қазақстан поляктары одағының жаңа басшысы өзінің сайлауын құрметті міндет екенін жеткізді.
«Ел бойынша бүкіл диаспораның мүддесі үшін жұмыс істеу — үлкен жауапкершілік. Бірақ сіздердің қолдауларыңызбен мен үлкен істерге қол жеткізетініме сенімдімін, ең бастысы, республикадағы мәдени орталықтары арасындағы диалогты жалғастыру керек. Бұл тұста поляктар одағының жетістіктері көп «, — деді В. Свинцицкий.
Польшаның Қазақстандағы елшісі Павел Чеплак республикадағы ұлттық-мәдени орталықтардың дамуы жағдайын, әсіресе, Павлодар облысында Еуропа тарапынан назарға аларлық жайт екенін атап өтті.
«Еуропада қазір агрессия, сепаратизм, мәдениеттердің қақтығыстары жиі орын алуда. Ал Қазақстанда бәрі керісінше, адамдар бір- бірінің мәдениетін, әдет -ғұрпына көбірек үңіліп, көңіл бөлуде. Мысалдар көп, сондай-ақ, үкіметтің қолданып отырған саясаты түрлі ұлттарды бір-біріне жақындастыруға, қолұшын беруге жетелеуде», — деді өз сөзінде елші.
Конференция делегаттары 16 ұлттық сынып ашқан ұлттық жаңғырту мектебінде барып қайтты. Бұл білім ордасы 2007 жылы 10 жылдық мерейтойын атап өтті.
Конференция «Шаңырақ» ұлттық шығармашылық орталығында «Полония» облыстық шығармашылық ұжымының үлкен концертімен аяқталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті