Қазақстанның қанша жері шетелдіктерге жалға берілген? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның қанша жері шетелдіктерге жалға берілген?

Қазақстанның қанша жері шетелдіктерге жалға берілген?

Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров қазақстандық жерлердің қанша гектары шетелдіктерге жалға берілгенін айтты.

  • 7 Сәуiр 2021
  • 32
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаев жалпы отырыста Ауыл шаруашылығы министріне сұрақ қойды.

Заң жобасына сәйкес 2016 жылғы 1 шілдеге дейін, яғни мораторий енгізілгенге дейін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша жер пайдаланушы құқығы шетелдік жер пайдаланушыларға, шетелдік үлесі бар бірлескен кәсіпорындарға және қандастарға жалдау мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады және ұзартылуға жатпайды. Осындай адамдардың саны және олар иеленетін ауыл шаруашылығы жерлері алаңдары туралы деректер бар ма? Олардың жалдау мерзімі қашан аяқталады?, – деп депутат Фахриддин Қаратаев министрге сауал қойды.

Өз кезегінде министрі жалға берілген жерлердің көлемі мен жалға беру мерзімінің қашан аяқталатынын айтты.


Бүгінгі күні Қазақстанда мұндай жерлер бар. Атап айтсақ, 74,4 мың га ауыл шаруашылығы жері 7 біріккен кәсіпорындарға жалға берілген. Одан бөлек, шетелдік 2 заңды тұлға 18,5 мың га жерді жалға алып отыр. Бұлардың барлығы мораторий енгізілгенге дейінгі алынған жерлер. Олардың жалға алу мерзімі 2022 жылдан 2025 жылға дейін жұмыс істейді. Осы уақыт өткеннен кейін бұл жерлер Үкіметке қайтарылады, — деп жауап берді Сапархан Омаров.

Еске сала кетейік, бүгін Мәжілісте жерді шетелдіктерге беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасы қаралды.

Соңғы жаңалықтар