Қазақстанның қарқынды дамуына әсер еткен басты себеп- институционалдық жаңартаулар - ҚР монополиямен күрес агенттігі төрағасының орынбасары - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның қарқынды дамуына әсер еткен басты себеп- институционалдық жаңартаулар - ҚР монополиямен күрес агенттігі төрағасының орынбасары

Қазақстанның қарқынды дамуына әсер еткен басты себеп- институционалдық жаңартаулар - ҚР монополиямен күрес агенттігі төрағасының орынбасары

"Қазақстан тәрізді кез-келген елдің дамуында қол жеткізілген табыс, бірінші кезекте шикізат саласындағы экономикалық өсіммен тікелей байланысты, дейтұрғанмен, елдің қарқынды дамуына әсер еткен ең басты себеп- институционалдық жаңартаулар болмақ". Бүгін, 13-қарашада "Орталық Азия және Кавказ аймағындағы экономикалық өсім мен тұрақтылыққа шағын бизнестің мүмкіндіктерін арттыру арқылы қол жеткізу" тақырыбындағы Ғаламдық форумда ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары Жаннат Ертілесова осындай пікір білдірді.

  • 13 Қараша 2003
  • 972
Фото - Caravan.kz

Ж.Ертілесованың айтуынша, «Қазақстанда бірнеше жылдан бері жалпы ішкі өнімнің өсімі 9 проценттен асып отыр. 2003-жылдың 10 айында инфляция 4 процентті құрады». «Менің пайымдауымша, бұл — сырттай қарағанда өте жақсы көрсеткіштер. Алайда, болашақта ел үшін ең қажеттісі- шикізаттық емес салалардың есебінен тұрақты дамуды қамтамасыз ету екенін бәріміз түсінеміз»,- деді Ж.Ертілесова.

Қазіргі таңда Ж.Ертілесованың мәліметі бойынша, елімізде 100-ден астам әртүрлі салалық қауымдастықтар жұмыс істейді. «Өкінішке орай, олар көп жағдайда өзара үйлесімсіз, ортақ ұйғарымсыз әрекет ететіндіктен жұмысынан нәтиже шықпайды»,- деді Ж.Ертілесова.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 13-14-қарашада Алматыда Орталық Азия және Кавказ аймағындағы экономикалық өсім мен тұрақтылыққа шағын бизнестің мүмкіндіктерін арттыру арқылы қол жеткізу жөніндегі Ғаламдық форум-семинар өтуде. Семинарды БҰҰ-ның Ғаламдық қоры мен БҰҰ-ның Даму бағдарламасы ұйымдастырып отыр. Семинарға Орталық Азия аймағы елдерінің үкіметтері өкілдері, жеке меншік ірі компаниялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.
Екі күнге созылатын семинар барысында оған қатысушылар Орталық Азия және Каспий теңізі аймағының стратегиялық маңызы туралы, сондай-ақ, аймақты 2015-жылға дейін дамыту перспективасы тәрізді өзекті мәселелер сарапқа салынады.

Соңғы жаңалықтар