Қазақстанның Қарулы Күштері – мемлекет қауіпсіздігінің кепілі - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Қарулы Күштері – мемлекет қауіпсіздігінің кепілі

Қазақстанның Қарулы Күштері – мемлекет қауіпсіздігінің кепілі

- Жастарға әскери тәрбие беру мектеп кезінен бастау алады. Алғашқы әскери даярлық сабағы 1996 жылдан бастап қайта қолға алынды. Жастарға барынша кең ауқымда түсіндермелер жүргіздік. Мектеп оқушыларына, жастарға әскер қат?

  • 22 Тамыз 2019
  • 347
Фото - Caravan.kz

Осы орайда кезінде Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының Әскерге шақыру бөлімінің бастығы қызметін атқарған Збайраев Мұратбек Берлібекұлы  жастарға әскери патриоттық тәрбие беруді қалыптастыру және жастардың әскери мамандыққа қызығушылығын арттыру жайында Caravan.kz медиа-порталының тілшісіне сұхбат берді. 

— Тәуелсіздік алғалы Қарулы күштер құрылған кезде патриоттық тәрбиені беруді қалай қолға алдыныздар?

— Жастарға әскери тәрбие беру мектеп кезінен бастау алады. Алғашқы әскери даярлық сабағы 1996 жылдан бастап қайта қолға алынды. Жастарға барынша кең ауқымда түсіндермелер жүргіздік. Мектеп оқушыларына, жастарға әскер қатарының қандай болатындығы, әскери тәртіптің ерекшеліктерін алдын-ала таныстырып, ата-аналармен, ұстаздармен байланыса отырып біраз жұмыстар жасадық.

Әскери борышын өтеуден жалтару жағымен қалай күрестіңіздер?

— Әскер қатарынан қашу әдепкі жылдары болған. Сол кезде рақымшылық жасап отырдық. Қазіргі таңда әскерден қашу деген мүлдем жоқ. Әскерде барынша жағдай жасалып отыр. Тамақтары да өте жақсы. Қазір ата-аналары балаларының Отан алдындағы борышының орындаудағы ант қабылдау кезіндегі сәтін көре алады. Оның өзі ата-ана үшін де, әскер қатарына алынып жатқан сарбаз үшін де үлкен мәртебе.

— 20 жыл бұрынғы әскери тәрбие мен қазіргі таңдағы тәртіптің айырмашылығы бар ма? Жастардың көзқарасы қандай?

— Әскери тәртіп бір. Айырмашылығы 20 жыл бұрын әскер қатарына барғандар басқа елдерге де жіберілетін. Одан кейін өзге елге жіберілу тоқтатылып, елімізде қалатын болды. Мен де кезінде әскерде болдым. Бұрынғы уақытпен салыстыратын болсақ, қазір жастарға көп жағдай жасалған. Қазіргі таңда Қазақстанда бакалавриат бағдарламасы бойынша әскери мамандарды даярлауды жүзеге асыратын 3 үлкен жоғары оқу орны бар. Олар: Құрлық әскерлерінің әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты және де Ақтөбе қаласындағы Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Я.Бегельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты. Бұлардың өзі қаншама мамандықтар даярлап шығарады. 2016 жылы Қазақстан республикасының Қорғаныс министрлігінің бастамасы бойынша барлық азаматтық жоғары оқу орнындарындағы әскери кафедраларда студент қыздарға арналған мамандықтар ашылды. Демек, ер жігіт үшін де, қыз балалар үшін де жан-жақты жағдай бар. Ешкімге шектеу, тосқауыл жоқ. Мұның бәрі Тәуелсіз еліміздің жетістігі.

— Әскери мамандыққа қызығушылықты арттыру үшін не істеу керек, қалай жарнамалау керек.

— Мектептегі алғашқы әскерге даярлық сабағынан бастау алады. Бұл пәннің 9 сыныптан бастаа енгізілгені өте орынды. Себебі, баланың дамып жетіліп, бозбалалық шаққа келген уақыты. Сол кезде, патриоттық тәрбие бере отырып, сол бағытқа бұру. Төменгі сыныптағы балалар көріп, қызығушылықтары оянады. Мен де осы сабақты өтсем екен деген арман пайда болады. Сап түзеп, әскери формада рапорт беріп тұрған жоғарғы сынып оқушысының әрекеті әр жас бүлдіршінді қызықтырары сөзсіз. 7 мамыр, 9 мамырда жақсы бір көріністер көрсетілсе, түсінік жақсы қалыптаса түссе деймін. Оқу орындарында ашылған сан түрлі кафедралардың өзі үлкен жарнама. Оқып жатқан жастар да өте көп. Өзім де көптеген оқушыларды оқу орындарына апардым.

— Әскер қатарында жүрген, әскерге барғысы келетін қыздар жайында не айтасыз?

— Қыздардың әскер қатарына баруына шек жоқ. Бара береді. Дегенмен, оқу-жаттығу кезінде ер азамат жасайтын жаттығуға төзе білу көптің қолынан келетін шаруа емес. Тәртіп бір. Арнайы қыздар үшін деген жеңілдік жоқ. Әскери тәртіптің мәні де осында. Барлық нәрсе ортақ. Қыздар да жетерлік. Көптеп кездестіре аламыз. Көбінде медициналық көмек жағынан қыздар жағы қызмет атқарып жатқандығының куәсі болдық.

— Өзіңіздің әскер қатарында болған кезіңіз бен атқарған қызметтеріңіз жайлы айтып берсеңіз.

— 1987 жылы Қиыр Шығыста қызметте болдым. Онда бару үшін де үлкен тексерістен өттім. Отбасы жағдайымызды тексеріп, сотталған адам бар ма, жоқ па екенін қарайтын. Хаборовскта оқуда болдым. Механик водитель болдым. Әскер қатарында жақсы борышымды өтедім. Ол кезде Ауған еліне жіберу тоқтатылған. Туған жеріме қайта оралған соң, бірнеше жұмыстар атқардым. Үйленіп, отбасылы болдым. Байқоңырда, Жалағашта бірнеше жұмыстар атқардым. Ол кезде қазақ әскерінің құрылып жатқан кезі еді. 2-ші бөлімшенің бастығы болдым. 5 жыл сайын жұмыс орнымызды ауыстырып отырады. 2013 жылы жасым 45-ке толғанда запасқа жіберді. Отставкаға шыққаннан кейін де, қайта шақырту алып, қызмет атқардым.

— Жастарға айтар ақыл-кеңесіңіз… 

— Әрбір жас жеткіншекті мектептен бастап төзімділікке үйрету керек. Қазір жастар жан-жақты дамыған, өте жақсы. Қазақстан Республикасының Конституцясын білуі міндетті. Ер азаматтың қаруды ұстай білуі маңызды. Еліміз аман болсын дейміз. Жаман айтпай, жақсы жоқ қандай да бір жағдай болмасын мен әскерге бармадым, қару ұстау білмеймін демеуі тиіс. Әскер не үшін қалыптасқан? Әскеріміз де, қаруымыз да, сапамыз да мықты болу керек. Еліміздің қорғанысы мықты болу — әскеріміздің көп те, оның сапалы болуы да өте маңызды. Ал, сол мықтылықты үйрену үшін әскер қатарында болу әр ер азаматтың міндеті, әрі парызы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты мақаласында «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни, Туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталады» деген сөзімен қорытып, бірлігі жарасқан, іргесі берік, әскері мықты ел болу үшін — жастарды аянбай еңбек етіп, сапалы білім алуға кеңес беремін!  

Сұхбаттасқан: Назира Абсаттарова