Қазақстанның қарулы күштерінде кадрлық тағайындаулар жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.39
  • 609.58
+34 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның қарулы күштерінде кадрлық тағайындаулар жасалды

Қазақстанның қарулы күштерінде кадрлық тағайындаулар жасалды

Қазақстанның әскери-әуе күштерінде (ӘӘК) кадрлық тағайындаулар жасалды, деп хабарлайды сәрсенбі күні мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

  • 16 Ақпан 2011
  • 428
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысының Өкімдерімен Алсай Төлеуұлы Жұманов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әуе қорғанысы күштері әскери-әуе күштерінің қолбасшысы қызметіне, Нұржан Нұрланұлы Мұқанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды», — делінген Ақ орда сайтындағы ақпаратта.

48 жастағы А. Жұманов бұл тағайындауға дейін ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысының орынбасары – ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК бас басқармасының бастығы болған.