Жарияланды: 530

Қазақстанның қаржы нарығы Ресейге қарағанда барынша жақсы реттелген - форум қатысушылары

Қазақстан қаржы нарығын реттеу бағытында Ресейден алда келе жатыр.

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан Қазақстандық эмитенттер форумында жан-жақты айтылды. «Қазақстан қаржы нарығын реттеуде көп жұмыстар жасады. Қазір Кеден одағы аясында заңнамаларды сәйкестендіру үдерісі жүріп жатыр. Бұл бағытта Қазақстанға қарағанда Ресейде атқарылатын жұмыс көбірек», - дейді Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының басқарушы директоры Медет Сартбаев. Ал «Тройка Диалог Қазақстан» АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы Асқар Елемесовтың айтуынша, нарықтардың халықаралық ықпалдастығының әлеуеті өте зор. Бұл үшін нарыққа мүмкіндік беру керек. Қазақстанның қаржы нарығының дамуына қазіргі таңда акциялар нарығының болмауы тосқауыл болуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін