Қазақстанның қаржы нарығы Ресейге қарағанда барынша жақсы реттелген - форум қатысушылары - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның қаржы нарығы Ресейге қарағанда барынша жақсы реттелген - форум қатысушылары

Қазақстанның қаржы нарығы Ресейге қарағанда барынша жақсы реттелген - форум қатысушылары

Қазақстан қаржы нарығын реттеу бағытында Ресейден алда келе жатыр.

  • 15 Қараша 2012
  • 513
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан Қазақстандық эмитенттер форумында жан-жақты айтылды.

«Қазақстан қаржы нарығын реттеуде көп жұмыстар жасады. Қазір Кеден одағы аясында заңнамаларды сәйкестендіру үдерісі жүріп жатыр. Бұл бағытта Қазақстанға қарағанда Ресейде атқарылатын жұмыс көбірек», — дейді Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының басқарушы директоры Медет Сартбаев.

Ал «Тройка Диалог Қазақстан» АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы Асқар Елемесовтың айтуынша, нарықтардың халықаралық ықпалдастығының әлеуеті өте зор. Бұл үшін нарыққа мүмкіндік беру керек. Қазақстанның қаржы нарығының дамуына қазіргі таңда акциялар нарығының болмауы тосқауыл болуда.

Соңғы жаңалықтар