Қазақстанның шамасы жетеді. Бұл туралы бүгін, 1-ақпанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.
«Үлес 50 процент бола ма, әлде 100 процент бола ма деген мәселе келіссөздер барысында анықталады. Біз қазіргі қол жеткізілген үлеспен шектелмейміз»,- деді үкімет басшысы.
2-ақпан, сәрсенбіде Д.Ахметов «Солтүстік Каспий жобасы бойынша жұмыс істеп жатқан барлық компаниялармен кездеспекші». Сұхбат барысында Қашаған жобасын жүзеге асыру мәселесі де сараланады, деді ол.
Үкімет басшысы Қазақстанның Қашаған жобасы бойынша 50 проценттік үлесті сатып алуын оң бағалайды. «Бұл ары кетсе бес жылдан кейін «ҚазМұнайГаз» акцияларының Лондон мен басқа да қалалардағы қор биржаларында лайықты бағалануына мүмкіндік береді»,- деді үкімет басшысы.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, өткен аптаның аяғында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник Қазақстан Қашаған кенішін игеру жобасы бойынша BG акцияларының 8,33 процентін сатып алу шарасын 2005-жылғы наурыз айының соңына дейін аяқтауды көздеп отыр деп мәлімдеген. В.Школьниктің мәліметі бойынша, BG акцияларының 16,67 проценттік қоржынының нарықтағы құны 1,23 млрд. долларды құрайды, демек, сатып алынатын акциялар қоржыны 615 млн. доллар тұрады.