Қазақстанның қауіпсіздік кеңесінің хатшысы мен АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның қауіпсіздік кеңесінің хатшысы мен АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді талқылады

Қазақстанның қауіпсіздік кеңесінің хатшысы мен АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді талқылады

АСТАНА. 8-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін Астанада президенттің көмекшісі әрі Қазақстанның қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Тәжин мен АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Ричард Баучер қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді талқылады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап хабарлайды.

  • 8 Қыркүйек 2006
  • 387
Фото - Caravan.kz

Сонымен бірге кездесуде тараптар лаңкестікке қарсы күрес, Ауғанстанға көмек көрсету, Қазақстан мен АҚШ арасындағы екі жақты қарым-қатынас ахуалына қатысты мәселелерді талқылады.

АҚШ өкілдері Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне атсалысуы мен ролінен хабардар болды.

Кездесуге Қазақстандағы АҚШ елшісі Джон Ордвей қатысты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта