Жарияланды: 540

Қазақстанның құқық қорғау жүйесіне күрделі реформа жүргізу қажет - Назарбаев

Астана. 6 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның құқық қорғау жүйесіне күрделі реформа жүргізу қажет. Бұл туралы бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумның отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстанның құқық қорғау жүйесіне күрделі реформа жүргізу қажет деген сенімдемін. Оны мейлінше тиімді, ашық әрі таза халықтың мүддесі үшін жұмыс істейтін етіп өзгерту керек. Құқық қорғау жүйесінде проблемалар қордаланып қалған. Олардың жұмысында кемшіліктер көп. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің өзі сыбайлас жемқорлық қылмыстарға барады. Прокуратура, ІІМ мен басқа да құқық қорғау органдарының жетекшілерімен қатаң әңгіме күні кеше ғана болды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесін бір органда шоғырландыру қажет", -деді Н. Назарбаев. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін