Жарияланды: 380

Қазақстанның құқық қорғаушылары зорлық-зомбылық әрекет үшін жазаны қатаңдатуды ұсынуда

Қазақстан Адам құқықтары және заңдылықтың сақталуы жөніндегі халықаралық бюроның құқық қорғаушылары Қазақастанда зорлық-зомбылық әрекеттерін қолданғаны үшін жазаны қатаңдатуды ұсынып отыр.

"Меніңше, бүгінгі таңда біздің Қылмыстық кодексте зорлық-зомбылық үшін қаралған жаза айтарлықтай жеңіл және зомбылық көруші тартқан зардаптың ауырлығына сәйкес келмейді", - деп Адам құқықтары және заңдылықтың сақталуы жөніндегі халықаралық бюроның астаналық филиал директоры Анара Ыбыраева бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында атап көрсетті. А.Ыбыраева Украина заңдарын мысал ретінде келтірді. Онда зорлық-зомбылық әрекеті үшін 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады екен. "Бізде зорлық-зомьбылықтан орташа немесе ауыр деңгейде зардап шеккені үшін жеті жылға соттайды, кейде тіпті айыппұл салумен және белгілі бір қызметпен айналысу құқығын айырумен ғана шектеледі", - дейді ол. А.Ыбыраеваның пікірінше, зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы тиімді күрес жүргізуге тәуелсіз соттық медициналық сараптама институтының жоқтығы кедергі келтіреді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін