Қазақстанның құқық қорғаушылары зорлық-зомбылық әрекет үшін жазаны қатаңдатуды ұсынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның құқық қорғаушылары зорлық-зомбылық әрекет үшін жазаны қатаңдатуды ұсынуда

Қазақстанның құқық қорғаушылары зорлық-зомбылық әрекет үшін жазаны қатаңдатуды ұсынуда

Қазақстан Адам құқықтары және заңдылықтың сақталуы жөніндегі халықаралық бюроның құқық қорғаушылары Қазақастанда зорлық-зомбылық әрекеттерін қолданғаны үшін жазаны қатаңдатуды ұсынып отыр.

  • 23 Маусым 2011
  • 363
Фото - Caravan.kz

«Меніңше, бүгінгі таңда біздің Қылмыстық кодексте зорлық-зомбылық үшін қаралған жаза айтарлықтай жеңіл және зомбылық көруші тартқан зардаптың ауырлығына сәйкес келмейді», — деп Адам құқықтары және заңдылықтың сақталуы жөніндегі халықаралық бюроның астаналық филиал директоры Анара Ыбыраева бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

А.Ыбыраева Украина заңдарын мысал ретінде келтірді. Онда зорлық-зомбылық әрекеті үшін 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады екен.
«Бізде зорлық-зомьбылықтан орташа немесе ауыр деңгейде зардап шеккені үшін жеті жылға соттайды, кейде тіпті айыппұл салумен және белгілі бір қызметпен айналысу құқығын айырумен ғана шектеледі», — дейді ол.
А.Ыбыраеваның пікірінше, зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы тиімді күрес жүргізуге тәуелсіз соттық медициналық сараптама институтының жоқтығы кедергі келтіреді.

Соңғы жаңалықтар