Қазақстанның құрамасы Кореяны әзірге 3:0 есебімен ұтуда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның құрамасы Кореяны әзірге 3:0 есебімен ұтуда

Қазақстанның құрамасы Кореяны әзірге 3:0 есебімен ұтуда

Дәл қазір Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайында 7-Қысқы Азия ойындары аясындағы шайбалы хоккейден жоғары дивизион санатында Қазақстан мен Корея құрамалары кездесуде.

  • 5 Ақпан 2011
  • 500
Фото - Caravan.kz

Ойынның бірінші кезеңі аяқталды. Оның нәтижесі бойынша қазақстандық хоккейшілер өз қарсыластарын 3:0 есебімен ұтты. Ойынның 3 минутында командамыздың сол жақ шабуылшысы Евгений Рымарев Кореяның қақпасына бірінші шайбаны салды. Одан кейін есепті капитан Талғат Жайлауов еселеп, қарсыластардың қақпасына екінші шайбаны кіргізді. Үшінші шайба шабуылшы Евгений Рымаревтің еншісінде. Қазақстан құрамасының қақпасын Виталий Колесник қорғауда.

Айта кетейік, Қазақстанның бүгінгі қарсыласы Корея хоккейшілер құрамасы бұған дейін Қытайлық Тайпей командасын 22:0 есебімен жеңіп, Жапониядан 1:6 есебімен ұтылған еді. Біздің командамыз болса, Қытай мен Қытайлық Тайпей құрамаларымен өткізген ойындарда айқын басымдықпен жеңіске жеткен болатын.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера