Қазақстанның қыздар құрамасының жаттықтырушысы қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның қыздар    құрамасының жаттықтырушысы    қаза  тапты

Қазақстанның қыздар құрамасының жаттықтырушысы қаза тапты

Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасының салдарынан дзюдодан Қазақстанның қыздар құрамасының аға жаттықтырушысы,

  • 7 Ақпан 2011
  • 525
Фото - Caravan.kz

самбодан 1984 жылғы әлем чемпионы Қанат Байшолақов қаза тапты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жол оқиғасы сенбі күні сағат 14.00 шамасында Шет ауданында, «Қызылорда-Павлодар» тас жолының 842-ші шақырымында орын алған. «КамАЗ» көлігінің жүргізушісі жол шетінде тұрған «Тойота» көлігін соққан. Оқиға салдарынан 1961 жылы туған Қ.Байшолақов ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды», деп хабарлады депртаменттен.

Марқұмның туған-туыстарының хабарлауынша, оны жерлеу рәсімі бүгін Жаңаарқа қаласында өтеді.