Қазақстанның Ресейдің алдында импорттық баж салықтары бойынша қарыздары жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Ресейдің алдында импорттық баж салықтары бойынша қарыздары жоқ

Қазақстанның Ресейдің алдында импорттық баж салықтары бойынша қарыздары жоқ

Қазақстанның Ресейдің алдында импорттық баж салықтары бойынша қарызы жоқ, деп мәлім етті Қр қаржы министрлігі кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Игорь Тен дүйсенбі күнібрифингте.

  • 27 Маусым 2011
  • 438
Фото - Caravan.kz

«Ресейдің қаржы министрлігі де, экономикалық даму министрлігі де біздің қандай да бір қарызымыз бар екенін қуаттаған жоқ», — деді И.Тен Ресейдің Федералдық кеден қызметінің (ФКҚ) басшысы АндрейБельяниновтың Қазақстан мен Белоруссияның нашар әкімшілендіруге байланысты Ресейге КО аясында импорттық баж салықтары бойынша 22 млрд рубль қарыздар болып қалғаны туралы мәлімдемесіне қатысты түсініктеме бере отырып.

Ол бұл жерде әкімшілендіру туралы емес, баж салықтарын үлестіру коэффициенты туралы сөз болып отыр. «Біз кеден одағы мен ортақ бюджет болатын тетік құрдық, оған импорттық баж салықтары салынады да, кейін коэффициенттерге сәйкес мемлекеттердің арасында үлсетіріледі. Үш қызмет жинайтын импорттық бас салықтарының жалпы сомасынан Қазақстанға 7,33% тиесілі», — деп еске салды И.Тен.

Ол ФКҚ ондай қорытындыны импорттың көлемі мен импорттық баж салығының түсімдерін сараптау негізінде жасаған шығар деп болжады. «Ресейде осы формулалар есептелген кезеңмен салыстырғанда импорт көлемі артты. Ал Қазақстан мен Белоруссияда азайды, Қазақстанда Белоруссиямен салыстырғанда көбірек азайды», — деді КБК төрағасының орынбасары.

«Мәселе мынада, Қазақстан Кеден одағына кіргенде баж салықтарының мөлшерлемелерін көтерді. Бұл Ресеймен жүк айналымын арттыру үшін жасалды. Солай болды да: бізде импорт төмендеді. Әрине, егер ресейлік кеден қызметінен келетін импорттық баж салығының түсімдері мен қазақстандық жақтың түсімдерін салыстырсақ, әр түрлі болады. Бірақ импорттық баж салықтарын үлестіру тетігі туралы талқылағанда бұл жағдай қарастырпылып, болжанған болатын», — деді ол.

И.Тен импорттық баж салықтарын аудару тетігі «қазынашылықтардың есепшоттарына импорттық баж салығы бойынша ақша түсісімен, олар бірден импорттық баж салықтарын үлестіру формуласына сәйкес үлестірілетіндей» құрылғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар