Қазақстанның сақтандыру нарығында қаңтар- қыркүйек айларында сақтандыру сыйақысының түсімдері 125,1 млрд теңгені құрады
Алматы. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанның сақтандыру нарығында қаңтар- қыркүйек айларында сақтандыру сыйақысының түсімдері 125,1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткішке тең. Өсім небәрі 0,6% құрады. Бұл туралы Қазақстан Бүгін тілшісіне ""Евразия" сақтандыру компаниясы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады. |
"Сыйақы жинақтары бойынша көшбасшы бестіктің үлесіне сақтандырушылар жинаған жалпы түсімнің 54% тиесілі. Олардың арасында "Евразия" СК нарықта 14,4%, "Виктория" - 13,4%, "Казахинстрах" СИК - 10,4%, "Альянс-Полис" СК - 7,8%, "Казкоммерц-Полис" СК - 7,6% үлеске ие", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін