Қазақстанның шетелдік валютамен есептелген міндеттемелері бойынша несиелік рейтингі "ВВВ-/А-3" деңгейіне көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның шетелдік валютамен есептелген міндеттемелері бойынша несиелік рейтингі "ВВВ-/А-3" деңгейіне көтерілді

Қазақстанның шетелдік валютамен есептелген міндеттемелері бойынша несиелік рейтингі "ВВВ-/А-3" деңгейіне көтерілді

Standard & Poors Rating Services агенттігі Қазақстанның шетелдік валютамен есептелген міндеттемелері бойынша несиелік рейтингі "ВВ+/В" деңгейінен "ВВВ-/А-3" деңгейіне дейін, ал ұлттық валютамен есептелген міндеттемелері бойынша несиелік рейтингі "ВВВ-/А-3" деңгейінен "ВВВ/ А-3" деңгейіне дейін көтерілгенін мәлімдеді. Болжам - "тұрақты". Бұл туралы KZ-today тілшісіне S&P агенттігінен хабарлады.

  • 21 Мамыр 2004
  • 763
Фото - Caravan.kz

Standard & Poors тарапынан рейтинг тағайындалған елдердің арасынан Қазақстан «спекулятивті» аталған сатыдан рейтингтің инвестициялық категориясына көтерілген 9-шы мемлекетке саналды.

«Рейтингті көтеру — үкіметтің салиқалы қаржылық саясаты мен орта мерзімді экономикалық даму мүмкіндіктерінің жоғарылығына байланысты Қазақстанның сыртқы экономикалық және фискалық позициясының біртіндеп нығая түскенін көрсетеді»,- деді Standard & Poors рейтинг агенттігінің кредиттік сарапшысы Люк Маршан.
«Экономикалық өсімнің сақталуына және шикізат секторынан түсетін салық түсімдерінің артуына байланысты 2004-жылы мемлекеттік сектордың таза сыртқы активтерінің мөлшері ағымдағы операциялардың есеп-қисабы түсімдерінің 48,6 процентін құрайды деп күтілуде»,- деді Л.Маршан. — Сонымен қатар Ұлттық қор түсімдерінің артуы арқасында да қаржылық саясаттың тұрақтылығы сақталып отыр. Ал Ұлттық қорға мұнай сатудан түскен алдын-ала болжанбаған түсімдер мен жоспардан тыс салық кірістері аударылатыны белгілі. Соның нәтижесінде мұнай бағасының ауытқу құбылыстарының кері әсері бәсеңдейді».
ҚР үкіметі фискалдық және монетарлық саясатты бірізді жүзеге асыруының нәтижесінде тапшылық деңгейін шектеуге, инфляция қарқынын бәсеңдетуге жағдай жасалды. 2004-жылғы мемлекеттік бюджет шамалы профицитпен орындалады деп күтілуде. Профицит көлемі салық кірістерін Ұлттық қорға аудармас бұрын Жалпы Ішкі Өнімнің 2,2 проценті шамасында болмақ. (Ал қаржы Ұлттық қорғау аударылғаннан кейін 0,8 процент көлемінде тапшылық қалыптасады).
Алдын-ала болжамдық баға бойынша, 2004-жыл соңында жиынтық мемлекеттік қарыз Жалпы Ішкі Өнімнің 12,3 проценті шамасында, қалыпты деңгейде қалып, алдағы бірнеше жылда Жалпы Ішкі Өнімнің 1,5-2,0 проценті көлемінде азайып отырады. Сондай-ақ, макроэкономикалық тұрақтану сақталып, 2004-жылы баға өсімі 6,4 процентті, ал экономикалық өсім қарқыны 8,8 процент і құрайды деп күтілуде.
Несиелік рейтинг деңгейі сыртқы экономикалық позицияның қуаттылығы есебінен жоғары сақталып отыр. 2004-жылғымен 48,6 процентпен салыстырғанда, 2005-жылы мемлекеттік сектордың таза сыртқы активтерінің ауқымы ағымдағы операциялардың есеп-қисабы түсімдерінің 63,3 процентін құрайды деген болжам бар. Төлем тепе-теңдігі профицитті болуына және шетелдік тікелей инвестициялардың таза түсімі көрсеткішінің жоғары болуына байланысты сыртқы ликвидтілік көрсеткіші бұрынғыдай жоғары күйінде қалып отыр. 2004-жылы төлем тепе-теңдігі Жалпы Ішкі Өнімнің 1,3 проценті шамасында профицит түзбек. Ал 2003-жылғы төлем тепе-теңдігінде Жалпы Ішкі Өнімнің 0,2 процентіне тең тапшылық пайда болған. Импорт көлемінің өсу қарқыны салыстырмалы түрде төмен болуына және мұнай мен газ есебінен экспорт көлемінің артуына байланысты төлем тепе-теңдігі алдағы уақытта да профицитті болады.
Дейтұрғанмен, орталықтандырылған және ашықтық деңгейі төмен басқару жүйесі мен институционалдық және сот-құқық жүйесінің әлсіздігі Қазақстанның несиелік мүмкіндігін шектеумен бірге, осындай рейтингі бар елдермен салыстырғанда шешім қабылдау процессін алдын-ала болжап-білуде қиындық тудыруда. Бұл келеңсіздікке экономикалық құрылымның әлсіздігі мен жан басына шаққандағы кірістің төмендігі де қосылып отыр.
Үкімет мемлекеттік сектордың қарызын кемітуге бағытталған дәйекті фискалдық саясатты одан әрі жалғастырумен бірге әлеуметтік сектордың барған сайын арта түскен сұраныстарын, мемлекеттік зейнетақы қамтамасыздығы мен инфрақұрылымды дамыту сұраныстарын біртіндеп қанағаттандыра алады дегенге Standard & Poors сенім білдіреді. Мұнай бағасы бір баррель үшін 15 долларға дейін шұғыл арзандаған жағдайда да Қазақстанның несиелерді қайтару қабілеті төмендемейді. Өйткені, бастапқы фискалдық саясат мақсаттарынан ауытқымай-ақ, осындай ауыртпалықты мемлекеттік бюджет тарапынан үш жыл бойы үздіксіз көтере алу қабілетін қамтамасыз ететіндей мөлшердегі қаржыны үкімет жинақтай алды. Мемлекеттің қаржылық позициясының нығая түсуі, кәсіпкерлік орта мен басқару деңгейінің сапалық тұрғыда жақсаруы, сондай-ақ, құрылымдық реформалардың пәрмендене түсуі Қазақстанның несиелік қабілеттілігін одан әрі арттыра түсуге негіз бола алады.