Қазақстанның шығармашылық одақтар конфедерациясы 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарлама әзірледі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның шығармашылық одақтар конфедерациясы 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарлама әзірледі

Қазақстанның шығармашылық одақтар конфедерациясы 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарлама әзірледі

Алматы. 9-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның шығармашылық одақтар конфедерациясы мәдениет және өнер саласында 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламаны әзірледі. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның кинематографистер одағының төрағасы Игорь Вовнянко мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 9 Қаңтар 2008
  • 714
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, бағдарлама сегіз жобадан тұрады. «Егер олар үш жыл ішінде жүзеге асырылатын болса, онда біздің ұлттық өнерімізді дамуында жақсы алға жылжушылық болады»,- деп атап өтті Игорь Вовнянко.

Қазақстан Республикасының шығармашылық одақтар конфедерациясы бағдарламасы жобаларының бірі конфедерацияның мәдениет және өнер саласындағы заң шығаруға атсалысуы болып табылады. Сонымен қатар, конфедерация Қазақстан Республикасының шығармашылық одақтар конфедерациясының жыл сайынғы форумын, өнер байқауын, соның ішінде халықаралық байқаулар, «дөңгелек үстелдер» өткізуді, сондай-ақ өздерінің журналдарын шығаруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, конфедерацияның жоспарына ең үздік жұмысқа шығармашылық жобалар құру және жекеменшік өнер академиясын құру кіреді, бұл жас қайраткерлердің жұмыстарын бағалап, сыйақылар тағайындайтын болады.

«Бүгінгі күнді еліміздің экономикалық тұрғыдан бекінгендігін, белгілі бір саяси тұрақтылыққа қол жеткізгендігін зерделей отырып, біз жалпыұлттық проблемалар мен міндеттерді шешу үшін бірігуге құқымыз бар»,- деп мәлім етті Вовнянко.

Қазақстанның кинематографистер одағының төрағасының айтуынша, «Қазақстан Республикасының шығармашылық одақтар конфедерациясы мемлекетпен тайталас орган болып табылмайды».

«Біз мемлекетпен бірлесе отырып шығармашылық тұлғаларын дамытуға себепші болатын белгілі бір бағдарламалар жасап, заңдар әзірлеу үшін өз күшімізді біріктіруіміз керек; заңдар бизнес топтарынан, бизнес элиталарынан белгілі бір қаржы капиталының ағымына түрткі болатын заңдар — бұл конфедерацияның алдына қойған үлкен міндеттері»,- деп түсіндірді И. Вовнянко.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының шығармашылық одақтар конфедерациясы өз бағдарламаларын Қазақстан Республикасының мәдениеті мен өнерін қолдау жөніндегі мемлекеттік қормен бірлесе отырып жүзеге асыратын болады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының шығармашылық одақтар конфедерациясының мүшелері конфедерация аясында мәдениет пен өнерді қолдау жөніндегі тәуелсіз корпоративтік қоғамдық қор құрмақ. «Бұл қаржы-өнеркәсіптік топтар, компаниялар, фирмалар мен жеке кәсіпкерлер, демеушілер мен меценаттар тарапынан қаржылай қолдау көрсетеді». Бұл қордың қамқорлық кеңесіне Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік, қаржы және бизнес-құрылымдары кіреді деп жоспарланған.

«Қазақстан Республикасының шығармашылық одақтар конфедерациясы іскер ортаның, бизнес-элитасы өкілдерін бұл жобаны белсенді қолдауға шақырады»,- деп айтылған бүгін Қазақстан Республикасының шығармашылық одақтар конфедерациясы таратқан мәлімдемеде.

Қазақстан Республикасының шығармашылық одақтарының конфедерацияға бірігуі 2007 жылы құрылтайшы конференция аясында жүзеге асырылған болатын. Қазақстан Республикасының шығармашылық одақ конфедерациясы құрылтайшылары республикалық одақтар: архитекторлар, дизайнерлер, журналистер, кинематографистер, композитрлер, театр қайраткерлері, хореографтар, суретшілер болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті