Хабарламада көрсетілгендей , «Отандық мәдениет пен классикалық өнердің дамуы мен жағдайына, олардың мәдени үдерістеріне қатысуына тарихи жауапкершілікті сезіне отырып, стратегиялық маңызы бар мәселелерді шешу мақсатында шығармашылық одақтар Қазақстанның шығармашылық одақтар Конфедерациясына (ҚР ШОК) бірігуді жөн деп тапты».
Қазақстанның шығармашылық одақтар конфедерациясы елдің алдыңғы қатардағы шығармашылық ұйымдарын біріктіреді. Нақтырақ айтсақ, оған сәулетшілер, дизайнерлер, журналистер, киногерлер, сазгерлер, жазушылар, суретшілер одақтары және музыка, өнер қайраткерлері кіреді.
Жаңа қоғамдық ұйымның басты мақсаты шығармашылық топтардың үйлестіру қызметін ретке келтіру, мәдениет саласында заң жобалары мен нормативтік актілерді әзірлеу, халықаралық форум және конференциялар ұйымдастыру, отанды мәдениет пен өнерге қаржылай қолдау көрсету жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
Конфедерация құру комитетінің өкілдерінің пайымдауынша,» қазіргі отандық мәдениет пен өнерге жасалған сараптама, олардың заман талабына сай келмейтіндігін көрсетті. Мәдениет пен өнер елде жүргізіліп жатқан реформалардан тыс қалған. Шығармашылық одақтар мен жеке тұлғалар заң аясынан мүлдем тысқары қалып, тығырыққа тірелуі мүмкін».
ҚР ШОК құру жөніндегі құрылтай жиын 2006 жылы 1 желтоқсанда өткізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті