Қазақстанның шығысында, оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталуда - ТЖМ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның шығысында, оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталуда - ТЖМ

Қазақстанның шығысында, оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталуда - ТЖМ

Астана. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның шығысында, оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде жоғарғы өрт қаупі сақталуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 8 Тамыз 2008
  • 456
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15 — 22 метрге дейін, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында 25 метрге дейін жетеді. Қызылорда облысында, күндіз Оңтүстік Қазақстан облысында батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15 — 22 метрге жетеді, кей жерлерде шаңды боран соғады. Ақтөбе, Қостанай облыстарында кей жерлерде бұршақ жауып, желдің жылдамдығы секундына 17 — 22 метрге жетеді. Маңғыстау облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 17 — 22 метрге жетеді, жағалауда тұман түседі.

Алдағы тәуліктерде оңтүстік-шығыстың және шығыстың таулы өзендерінде су деңгейі ауытқиды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар