Қазақстанның солтүстік аймақтарында қатқақ болады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның солтүстік  аймақтарында қатқақ болады

Қазақстанның солтүстік аймақтарында қатқақ болады

Алдағы тәуліктерде Қазақстанның солтүстік облыстарында қатқақ болады. Бұл туралы "Казгидромет" РМК-ның хабарламасына сілтеме жасай отырып ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығынан ескерту жариялады.

  • 12 Қыркүйек 2005
  • 455
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, 13-15-қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында, ал 14-қыркүйекте Қостанай облысында, 14-15-қыркүйек күні түнде Ақмоалжәне Павлодар облыстарында сынап бағанасы 0-2 градусқа дейін төмендеп, қатқақ болады деп күтілуде.
Осыған байланысты аталмыш облыстардың төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерінің басшыларына халыққа осы жөнінде хабарлама таратып, адам шығынына жол бермеуге шаралар қолдануды тапсырды.
Атап айтсақ, құтқару қызметінің құрамы мен техникасын дайындық жағдайына көшіру, тіршілік қамтамасыздығы нысандарына тұрақты жұмыс істеуге жағдай жасау, жолдар мен көпірлер ахуалына және көлік қозғалысына бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта