Қазақстанның солтүстік бөлігінде күшті боран соғады деп күтілуде - Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның солтүстік бөлігінде күшті боран соғады деп күтілуде - Қазгидромет

Қазақстанның солтүстік бөлігінде күшті боран соғады деп күтілуде - Қазгидромет

6 және 7-желтоқсанда Қазақстанның солтүстік бөлігінде күшті боран соғады деп күтілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің республикалық дағдарыс орталығынан Қазгидромет РМК-ның ескертуіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

  • 6 Желтоқсан 2004
  • 358
Фото - Caravan.kz

Күн райын бақылаушылардың мәліметі бойынша, 6-желтоқсанда Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында, 6 және 7-желтоқсанда Павлодар облысында қатты боран соғады. Батыстан соққан бұрқасынның жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 25 метрге дейін жетеді.

ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің республикалық дағдарыс орталығы аталмыш облыстардың төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық басқармаларының басшылығына халыққа осы жөнінде хабарлама таратып, адам шығынына жол бермеуге, қамтамасыздық нысандарына тұрақты жұмыс істеуге жағдай жасауға, көлік қозғалысы мен жол жағдайына бақылауды күшейтуге шаралар қолдануды тапсырды.

Перейти к новостям спорта