Қазақстанның солтүстік өңірлерінде 1-3 градусқа дейін суытады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның солтүстік өңірлерінде 1-3 градусқа дейін суытады

Қазақстанның солтүстік өңірлерінде 1-3 градусқа дейін суытады

4 қыркүйекте ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады. Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. 

  • 4 Қыркүйек 2015
  • 387
Фото - Caravan.kz

Түнде және таңертең тұман болуы ықтимал, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

 Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, таңертең тұман түседі.

 Түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 1-3 градусқа дейін суытады.


Қызылорда облысында, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар