Қазақстанның солтүстік-шығысында бұршақ жаууы ықтимал - Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның солтүстік-шығысында бұршақ жаууы ықтимал - Қазгидромет

Қазақстанның солтүстік-шығысында бұршақ жаууы ықтимал - Қазгидромет

Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райы циклонның және онымен байланысты атмосфералық ауа ағымдарының ықпалында болады.

  • 13 Шiлде 2011
  • 505
Фото - Caravan.kz

Алдағы күндері жауын-шашынды ауа райы күтіп тұр, кей жерлерде найзағай ойнайды, күшті жел болады, республиканың солтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Ал еліміздің батысында күн ашық, деп хабарлайды Қазгидромет орталығы.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде екпіні 15-22 метр/секундқа дейін жететін жел болады, бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы облысында желдің екпіні 17-22 метр/секунд, кей жерлерде 25 метр/секунд жылдамдыққа жетеді, дауыл тұрады.

Қызылорда облысында, күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-23 метр/секунд жылдамдыққа жететін жел тұрады, дауыл болады деп күтілуде.

Ал Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, түнде Ақтөбе, күндіз Жамбыл облыстарында желдің екпіні 15-22 метр/секундқа дейін күшеюі ықтимал.

Маңғыстау облысының кей жерлеріне түнде тұман түседі.

Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында — аптап ыстық. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстанның оңтүстігі мен Атырау облысының батысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысы мен Алматы облысының солтүстігінде, сондай-ақ Қарағанды облысының батысында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар