Қазақстанның Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас Ассамблеясы 61-інші сессиясының ашылуына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас Ассамблеясы 61-інші сессиясының ашылуына қатысты

Қазақстанның Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас Ассамблеясы 61-інші сессиясының ашылуына қатысты

АСТАНА. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстанның сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев кеше, қыркүйектің 19-ында Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы 61-ші сессиясының жалпы пікірсайыстарының ашылуына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 20 Қыркүйек 2006
  • 394
Фото - Caravan.kz

БҰҰ Бас ассамблеясының биылғы сесссиясының күн тәртібі аса мазмұнды — оған 150-ден астам мәселе енгізіліп отыр, оның ішінде халықаралық орнықтылық пен қауіпсіздікті қолдау, қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету, даму саласындағы мақсат-міндеттерге қол жеткізу сияқты мәселелерге басымдық беріліп отыр. Қатысушы елдер сондай-ақ, 2005 жылғы әлемдік лидерлердің саммитінің қорытынды құжатында бекітілген БҰҰ-ның институциональдық реформаларының алдын-ала нәтижелерін қарап шығады.

Бұл күні Қ.Тоқаев бірқатар екіжақты келіссөздер өткізді.

Оманның Сыртқы істер министрі Юсеф бин Ал-Алави бин Абдулла келер жылдың басында Қазақстан Президентін ресми сапармен қабылдау туралы Сұлтан Кабустың шақыруын қуаттады. Министр сондай-ақ, Оманның жақын арада Қазақстанда өз елшілігін ашуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Ал Латвия Сыртқы істер министрі Артис Пабрикаспен болған кездесуде Қазақстан министрі Н.Назарбаевтың жақында Латвияға жасаған сапарының қорытындысын, екі елдің арасындағы транзиттік-тасымал әлеуетін дамыту мәселелерін және Біріккен ұлттар ұйымын қайта құру мәселелерін талқылады.

Люксембург үкімет басшысыынң орынбасары, сыртқы істер министрі Жан Ассельборнмен кездесуде екі жақты ынтымақтастық пен халықаралық ұйымдар аясындағы байланыстар мәселесі талқыланды. Дипломаттар өзара инвестицияларды қорғау және қосарланған салықты болдырмау жөніндегі келісімге қол өою үшін дайындауға келісті.

Қ.Тоқаев Бангладеш, Марокко, Парагвай, Португалия, Ресей, Словакия, Словения, Украина, Филиппин және Оңтүстік Корея елдерінің сыртқы істер министрлерімен кездесті және БҰҰ-ға мүше елдердің делегация басшылары үшін АҚШ президенті Дж.Буштың атынан болған қабылдауға қатысты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта