Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ұлыбританияда сапарда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ұлыбританияда сапарда болды

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ұлыбританияда сапарда болды

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов еуропалық сапарының екінші күні, 19 шілдеде Лондонда британдық әріптесі Уильям Хейгмен келіссөз өткізіп, қазақстан-британ диалогының ағымдағы жағдайын және даму келешегін талқылады, деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен.

  • 20 Шiлде 2011
  • 423
Фото - Caravan.kz

Сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін, парламентаралық деңгейдегі қарым-қатынастарды, халықаралық мазмұндағы көптеген мәселелер бойынша Астана мен Лондон ұстанымдарының ұқсастығын атап көрсеткен министрлер, екіжақты қарым-қатынастың қазіргі даму деңгейіне қанағаттанарлық білдірді. Экономикалық саладағы ынтымақтастыққа тоқталған тараптар, екі елдің үкіметтері қабылдап жатқан дағдарысқа қарсы шаралар бойынша пікірлер алмасты.

Е.Қазыханов Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронды екіжақты қарым-қатынас тарихындағы бірінші ресми сапарына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруын қуаттады және бұл кездесудің қарым-қатынастың барлық ауқымы бойынша ынтымақтастыққа үлкен серпін беретіндігіне үміт білдірді.

Кездесу барысында министрлер сондай-ақ жаһандық және өзекті қауіпсіздік мәселелерін қамтитын халықаралық қарым-қатынастардың түйінді проблемалары бойынша пікір алмасты.

Қазақстан министрі сол күні Лондонда Лордтар палатасының «дөңгелек үстел» отырысына қатысты. Е.Қазыханов шараға қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде Қазақстанның Ислам ынтымақтастығы ұйымының төрағалығындағы басымдықтарына тоқталып өтті. Жарыссөз барысында инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, Қазақстандағы іскерлік ахуалды одан әрі жақсарту мәселелеріне, технологиялар саласындағы перспективаларға назар аударылды.

Соңғы жаңалықтар