Жарияланды: 410

Қазақстанның сыртқы қарызы 134,9 млрд. долларды құрайды

Қазақстанның сыртқы қарызы 134,9 млрд. долларды құрайды

Банк секторының сыртқы берешегінің төмендеуі жалғасуда.

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко айтты. «2012 жылдың 30 қыркүйегінде жалпы сыртқы борыш 134,9 млрд. долларды құрады. Оның 4 пайызы (5,1 млрд.) мемлекеттік сектордың, 10 пайызы (14 млрд.) банк секторының, 49 пайызы фирмаралық берешектер (65,8 млрд.)», - деді Григорий Марченко. Оның айтуынша, қаржы нарығының 2012 жылғы алдын ала қорытындысы бойынша, банк секторының сыртқы борышы ТұранӘлем банкінің міндеттемелерін екінші рет қайта құрылымдау нәтижесінде тағы 2,7 млрд. долларға кеміді. Яғни банк секторының жалпы берешегі 11,3 млрд. долларды құрады. Жалпы банк секторының сыртқы берешегінің шарықтау шегі 2007 жылы тіркеліп, ол 26,5 млрд. долларды құраған еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін