Қазақстанның сыртқы қаржылық бақылау институттары экологиялық аудитті енгізуді жандандыруы қажет - Есеп комитеті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның сыртқы қаржылық бақылау институттары экологиялық аудитті енгізуді жандандыруы қажет - Есеп комитеті

Қазақстанның сыртқы қаржылық бақылау институттары экологиялық аудитті енгізуді жандандыруы қажет - Есеп комитеті

АСТАНА. 30-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстанның сыртқы қаржылық бақылау институттары экологиялық аудитті енгізуді жандандыруы қажет. Бұл туралы Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев Анкарада бүгін өтіп жатқан экологиялық аудит жөніндегі халықаралық симпозиумда мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі комитеттің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 30 Мамыр 2007
  • 1450
Фото - Caravan.kz

«Ормандарды қорғау мен орман өртін сөндіруге, Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияны іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуын бағалау жөніндегі Есеп комитетінің бақылау іс-шараларының нәтижелері республиканың сыртқы қаржылық бақылау институттарының қызметіне экологиялық аудит енгізуді жандандырудың қажеттігін көрсетті» — деді комитет төрағасы өз сөзінде.

Оның пікірі бойынша қазақстандық сыртқы қаржылық бақылау институттары үшін экологиялық аудит жаңа бағыт болып саналады. «Жүргізілген тиімділік бақылауының шеңберінде біз жекелеген экологиялық қауіпсіздік мәселелерін қамтып, антропогендік факторлардың келеңсіз әсерінен табиғат ресурстарына келтірілген зиянды бағалау бойынша жұмыс жүргіздік. Алайда, экологиялық аудитті жеке дербес бағыт ретінде шығару үшін бізге үлкен жұмыс атқаруға тура келеді және бұл бір күннің шаруасы емес» — деді Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев.

Сондай-ақ Омархан Өксікбаев ұлттық деңгейде ИНТОСАИ- халықаралық жоғары қаржылық бақылау ұйымының Экологиялық аудит жөніндегі комитетінің тәжірибесіне сүйене отырып, экологиялық аудит әдіснамасын белсенді дамытудың және қаржылық бақылаудың жоғары органдарының күштерін біріктіру қажеттігін айтты. «Бұл мәселеде «көрші» принципімен шектеліп қалмау керек, өйткені экологиялық проблемалардың мемлекеттік шекаралары болмайды. Экологиялық аудит — қазіргі мыңжылдықтың ең талап етілген аудит түрі. Сол арқылы ұлттық және жаһандық деңгейдегі экологиялық проблемаларды шешіп, тұрақты дамуға елеулі үлес қоса аламыз» — деп атап өтті Есеп комитетінің басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті