«Қазақстанның сыртқы саясаты қазіргі заманғы сын-қатерлерге жауап береді» - баспасөзге шолу
![]() |
Еліміз сыртқы саясат ведомствосының басшысы Ерлан Ыдырысов Ресейдің «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Отанымыздың сыртқы саясатындағы басымдықтары туралы әңгімелейді. Осы сұхбаттың қазақша аудармасы «Егемен Қазақстан» газетінде «Қазақстанның сыртқы саясаты қазіргі заманғы сын-қатерлерге жауап береді» деген тақырыппен жарық көрді. Барлық сауалдарға тұшымды жауап берген Е.Ыдырысов: «Егемен Қазақстан қалыптасуының ең бастапқы |
кезеңінде-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаев басты қағидатты ілгерілеткен еді. Олар - Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын ішкі саясаттың жалғасы ретінде қарастыру, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сыртқы саяси, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан қамтамасыз ету, елді одан арғы экономикалық, әлеуметтік, интеллектуалдық және мәдени даму мен қалыптастыруға оңтайлы жағдай құру. Осы қағидатты басшылыққа ала отырып, біз айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Қазақстан әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі жөнінен Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттеріне аса жақын келді. Экономиканы әртараптандыру, оны инновациялық-технологиялық жаңғырту үдерістерінде айтарлықтай ілгерілеушіліктер бар», - дейді.
Кеше Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050»: Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын. Осыған орай Қазақстан халқы Ассамблеясы ел азаматтарына үндеу жолдады. «Егемен Қазақстан» газетінің сенбілік санында басылған үндеуде: «Елбасының «Біз тең мүмкіндіктер қоғамын, бәрі заң алдында бірдей болатын қоғамды құрудамыз» деген ойы - Қазақстан халқының мызғымас бірлігінің беріктігін көрсетеді деп санаймыз. Біз Нұрсұлтан Әбішұлының жалпықазақстандық сәйкестікті қалыптастыру туралы ұранын - халқымыздың тарихи санасының негізі мен мемлекеттік тілді біздің дамып келе жатқан азаматтық қоғамның ұйыстырушы негізі ретінде дамыту деп білеміз және қолдаймыз. Біз Қазақстан халқын өзімізге тән - табандылық, талапкерлік, еңбексүйгіштік және мақсаткерлік сияқты жақсы жақтарымызбен танылып, еліміз үшін аянбай еңбектенуге шақырамыз», - делінген.
***
«Біздің балаларымыздың қаһарлығы соншалық тіпті күшәләмен ойнайды», - деп жазады «Экспресс К» газеті бүгінгі санында жарық көрген мақаласында. Жарияланымда Қазақстанда және ТМД-ның басқа да елдерінде балалар ойыншығына жүргізілген тексеру нәтижелері жайында кеңінен баяндалған. «Қазақстанда сатылып жатқан балалар ойыншықтары мен тауарлары тек ағаштан, пластикадан, масатыдан және матадан ғана жасалынбаған. Олардың құрамында сынап, қорғасын, күшәлә және сүрме бар. Кейбір ойыншықтарда қорғасын көлемі қауіпсіздік шегінен 100 есе асып жығылады», - деп жазады басылым. Балаларға арналған тауарлардағы зиянды заттарды анықтау үшін өткізілген тестілеу өткен жылдың 27 қарашасынан осы жылдың 9 желтоқсанына дейін Арменияда ұйымдастырылған. Оны Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Армения, Беларусь және Украина елдерінің үкіметтік емес ұйымдары жүргізген.
***
Алматыда еліміздің жас қоғам қайраткерлері ресейлік «политтехнолог», ұлтшыл Александр Беловтың арандатушылығына ермеуге шақырды. Бұл жайында «Время» газетінің бүгінгі санындағы «Не верьте Саше - он под Мухой!» деген тақырыптағы мақалада айтылған.
БАҚ-тың жазуынша, Ресейде ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін сотты болған бұл адам қазақ жастарына тұрақты тренингтер өткізген. Ол қазақ студенттерін Қырғызстанға оқу үшін алып барып, сол жақта шеру ұйымдастыру, полицейлерге қарсы тұру сынды дағдыларды үйреткен. Аталған тренингті өткізуді қашқын олигарх Мұхтар Әбіләзовке тиесілі «СТАН» видеопорталы қаржыландырып келген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін