Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 10,9 пайызға өскен - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 10,9 пайызға өскен

Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 10,9 пайызға өскен

Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 10,9 пайызға өскен.

  • 16 Қараша 2012
  • 347
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

«2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте сыртқы сауда айналымы 101657,8 млн. АҚШ долларын құрап, 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 10,9% өсті», — деді Ә.Смайылов.

Оның ішінде экспорт — 69546,7 млн. АҚШ долларын (5,6% өсті), импорт — 32111,1 млн. АҚШ долларын құраған (24,5% өсті).

Есепті кезеңде бөлшек және көтерме сауда көлемі де артқан. Бөлшек сауданың көлемі биыл 3390,7 млрд. теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 12,8% өсіп отыр. Ал көтерме сауда көлемі 8943,3 млрд. теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 14,9% артты.

Соңғы жаңалықтар