Қазақстанның тарихына қатысты құжаттар мұрағатқа тапсырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның тарихына қатысты құжаттар мұрағатқа тапсырылды

Қазақстанның тарихына қатысты құжаттар мұрағатқа тапсырылды

Бүгін ҚР Ұлттық мұрағатында Финляндия елінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Кинуннен Микко еліміздің тарихына қатысты бірқатар құжаттарды қазақстандық мұрағатшы-мамандарға салтанатты түрде табыс етті.

  • 27 Қыркүйек 2010
  • 484
Фото - Caravan.kz

ҚР Мәдениет министрлігі Құжаттама және мұрағаттар басқармасының бастығы Ермек Жүсіпов атап көрсеткендей, өткен жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия еліне жасаған іс-сапары барысында арнайы келісімге қол қойылған болатын. Оған сәйкес екі елдің мұрағат қызметтері өзара байланысқа түсіп, қажетті мұрағаттық құжаттармен алмасуды қолға алды. «Біздің мұрағатшы мамандар Финляндияға барып, осы елдің Ұлттық мұрағатындағы құжаттармен танысып қайтты. Осының нәтижесінде Ұлы Отан соғысы кезінде фин жерінде опат болған 300-ге жуық азаматтың жеке құжаттары табылды. Міне, осы құжаттар бүгін бізге тапсырылып отыр. Алдағы уақытта біз олардың толық тізімін республикалық баспасөз беттерінде жариялауды жоспарлап отырмыз», — дейді Е.Жүсіпов.

Айта кетейік, Финляндияның Ұлттық мұрағатында тұтқында болған 23 мыңнан астам азаматтың құжаттары сақталған. Одан басқа революцияға дейінгі Қазақстанның тарихына қатысты құжаттар да бар.