Қазақстанның тәуелсіздік тойына орай Елбасының жарлығымен 650 адам мемлекеттік сыйлықтарға ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның тәуелсіздік тойына орай Елбасының жарлығымен 650 адам мемлекеттік сыйлықтарға ие болды

Қазақстанның тәуелсіздік тойына орай Елбасының жарлығымен 650 адам мемлекеттік сыйлықтарға ие болды

Бүгін, 14-желтоқсанда, Қазақстанның тәуелсіздік тойына орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Отан игілігі үшін тындырған қызметі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, қоғамдық белсенділігі үшін бір топ адам мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президентінің интернеттегі ресми парақшасында жариялаған хабарламадан мәлім болды.

  • 14 Желтоқсан 2004
  • 591
Фото - Caravan.kz

Марапатталғандар арасында мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау саласының қайраткерлері, өндіріс және құқық қорғау мекемелерінің өкілдері, әскерилер, соғыс және еңбек ардагерлері бар.

Мемлекетіміздегі ең мәртебелі сыйлық — «Халық қаҺарманы» атағы мен оған қоса берілетін Алтын жұлдыз бен «Отан» орденімен Ұлы Отан соғысының ардагері, Алматылық еңбек ардагері Хиуаз Доспанова марапатталды.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Б.Жылысбаев, Алматылық еңбек ардагері З.Омарова, Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданындағы «Жұлдыз» шаруа қожалығының басшысы Ж.Сауырбаевалар «Отан» орденімен марапатталды.
І дәрежелі «Барыс» ордені мұнай саласының ардагері С.Өтебаевқа бұйырды.
Астрофизикалық зерттеулер орталығы ғарыштық зерттеулер институтының директоры Ө.Сұлтанғазин, философия және саясаттану институтының директоры Ә.Нысанбаев, «Балдырған» журналының бас редакторы Т.Молдағалиев, Бокс әуесқойларының бүкіләлемдік қауымдастығының вице-президенті Б.Махмұтов, Алматы энргетика және байланыс институтының профессоры К.Ахметов сынды танымал ғалымдар мен мәдениет және спорт саласы қайраткерлерінің еліміздің дамуына қосқан үлесі «Парасат» орденімен марапаттауға лайық деп танылды.
«Құрмет» орденіне «Богатырь Аксес Көмір» разрезінің машинисі Ю.Решетников, мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрының жеке орындаушысы-вокалист М.Изимов, Өскемендегі Жамбыл атындағы облыстық гимназияның мұғалімі К.Бітібаева бастаған бір топ адам ие болды.
Әскери және қызмет бабындағы борышын үлгі тұтарлықтай орындап, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуде, еліміздің ұлттық қауіпсіздігін нығайту ісінде танытқан жан қиярлығы үшін бір топ әскерилер «Даңқ» және»Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгекрлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.
Жалпы алғанда мемлекеттік сыйлыққа ие болғандар тізімінде 650 адам бар.

Перейти к новостям спорта