Жарияланды: 510

Қазақстанның тау‑кен секторы Кедендік одақ шеңберінде оңтайлы дамып келеді - Н. Радостовец

Қазақстанның тау‑кен секторы Кедендік одақ шеңберінде оңтайлы дамып келеді,

деді Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан ASTANA MINING & METALLURGY атты 2-ші халықаралық тау-кен металлургия конгресі аясындағы дөңгелек үстел барысында Республикалық Тау-кен өндіру және тау-кен металлургиясы қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец. «Қазіргі тада Кедендік одақ еліміздегі кеден шекараларын сыпырып жатыр. Сондықтан да егер бұған қатысты бізде қандай да болмасын тауар массаларын жеткізуге қатысты проблема болса, бұл негізінен техникалық жайттарға қатысты болатын. Дегенмен, дәл қазіргі уақытта біз жалпылама алғанда тау‑кен өндірушілер, тау‑кен металлургиясы секторы Кеден одағының құрылуына аса позитивті қарап отырмыз. Бұл бізге қолайлы ықпалдастық болып отыр», - деді Н.Радостовец. Оның айтуынша, Кеден одағы шеңберіндегі Қазақстанның заңнамасы Ресейге қарағанда либералды болып келеді. «Сонымен қатар, біз қазіргі күні қазақстандық тау‑кен металлургиясы секторына ресейлік капиталдың үлкен ағымын көргіміз келеді. Салық заңнамасы осы сектор қызметкерлері үшін бір алаңда әрекет ету жағдайын ұсынып отыр», - деді Н. Радостовец.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін