Қазақстанның таяудағы мақсаты - Еуразиялық экономикалық одақ құру
![]() |
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, елдің таяудағы мақсаты - Еуразиялық экономикалық одақ құру. |
Бұл туралы ол Астанада Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды БЕЛТА.
Бұған дейін хабарланғандай, шетелдік БАҚ бірқатар материалдарды жариялады. Олар ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналды. Айта кетейік, ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы 14 желтоқсанда «Астана-Опера» опера және балет театрнда ҚР Тәуелсіздік күніне орай өтті.
«Біз Кеден одағын, Бірыңғай экономикалық кеңістікті нығайтатын боламыз. Біздің алдағы мақсатымыз - Еуразиялық экономикалық одақты құру», - деген Қазақстан Президентінің сөзіне сілтеме жасады БЕЛТА.
«Онымен бірге елдің саяси тәуелсіздігіне ешкім қол сұқпауы тиіс. Кеден одағында, Бірыңғай экономикалық кеңістікте, Еуразиялық экономикалық одақта мәселелер тек өзара мәмілеге келу арқылы шешіледі. 3 елдің мәмілеге келуінсіз бір де бір мәселе шешімін таппайды. Сондықтан да ешкімге де қысым жасалмайды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін