Қазақстанның темір жол ауруханалары мен емханалары ҚР ТЖМ-нің қарамағына өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның темір жол ауруханалары мен емханалары ҚР ТЖМ-нің қарамағына өтеді

Қазақстанның темір жол ауруханалары мен емханалары ҚР ТЖМ-нің қарамағына өтеді

Қызылорда. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның темір жол ауруханалары мен емханалары ҚР ТЖМ-нің қарамағына өтеді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров Қызылордаға жұмыс сапары кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Қыркүйек 2008
  • 567
Фото - Caravan.kz

Облыстық телеарнаға берген сұхбатында генерал-майор бүгінде республиканың ТЖМ-інде әкімшілік реформа жүргізіліп жатқанын атап өтті. «Сол реформаның аясында еліміздің барлық өңірлеріндегі темір жол ауруханалары мен емханалары ҚР ТЖМ-нің қарамағына өтеді. Осы мекемелердің базасында апаттық медицина орталықтарын құру көзделген», — деді В. Петров.

В. Петров сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі біріккен аумақтық депаратменттің жаңа жетекшісі Бахтияр Қадырхановты таныстырды.

Министрліктегі әкімшілік реформаның аясында облыстық төтенше жағдайлар департаменттері, өртке қарсы күрес қызметтері, төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қадағалау басқармалары өзара біріктірілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар