Жарияланды: 290

Қазақстанның тоғыз облысында ескерту жарияланды

ҚР-ның бірқатар облыстарында ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

15 қаңтар күні күндіз, 16 қаңтарда түнде Жамбыл облысында оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің 14-22 м/с дейін күшеюі күтіледі, кейбір жерлерде жел екпіні 30 м/с дейін жетеді, тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. 15-16 қаңтар күндері Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстарының көптеген бөлігінде қар түсіп, бұрқасын болады, батыстан 15-22 м/с дейін жететін жел соғады, жел екпіні 25 м/с дейін жетеді. 15 қаңтарда Ақтөбе облысында қар жауып, кейбір жерлерде бұрқасын болады, солтүстік-батыстан 9-14 м/с дейінгі жел күшейіп, жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. 15-17 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде қар түсіп, бұрқасын болады, кейбір жерлерде 17-22 м/с дейін жететін екпінді жел соғады. 15 қаңтар күні күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының көптеген бөлігінде жауын-шашынның түсуі, кейбір жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Астана қаласында ауыспалы бұлттылық, кейбір кездері қар жауады, жаяу бұрқасын күтіледі. Ауа температурасы түнде 15-17 градус, күндіз 6-8 градус суықты көрсетеді. Алматы қаласында ауыспалы бұлттылық, жауын-шашын болмайды. Желдің күші 0-5 м/с дейін жетеді. Түнгі температура 7-9 градус, күндіз - шамамен 0 гралдус суықты көрсетеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін